$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
1352
Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады

Елімізде  тұрғын үй бағасы 1 айдың ішінде 2 %-ға қымбаттады. Өңірлерде жаңа үйлердің бағасы өссе,  мегаполистерде пәтерді жалға алу құны шарықтаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  қазан айының соңында  жаңа пәтердің   бір шаршы метрі 352 654 теңгеге бағаланған. Бұған дейін  ол 279 216 теңге болатын.   Ал пәтерді жалдау ақысы бір шаршы метр үшін орта есеппен 1 888 теңге тұрады.   Жалпы биыл жаңа пәтер құны 14,6%-ке, екінші сатылымдағы пәтер 23,7%-ке қымбаттаған.  

А. Дукембаева