Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жасанды қызғалдақты жайқалтып қойған Тараз әкімі сынға қалды

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
1846
Жасанды қызғалдақты жайқалтып қойған Тараз әкімі сынға қалды

Ақтау қаласының әкімі жасанды қызғалдақты жайқалтам деп көптің күлкісіне қалып еді,  енді Тараз әкімі елдің мазағына айналды.

Әлеуметтік желіде тараған  видеоның авторы,  Тараздың Шығыс қақпасы мен қала орталығындағы қаз-қатар тізілген қызғалдақтарды көрсетеді.  Олардың ұсқынсыз екенін айтып, бұл  мемлекет қаржысын желге шашу деп санайтынын жеткізеді. Ал әкімдік өкілінің айтуынша,  бұған бюджеттен ақша бөлінбеген. Пластмасса гүл демеушілердің қолдауымен   200 шаршы метр жерге  егілген.   Тіпті  "Ақтаудан   бұрын біз бірінші бастағанбыз" деді.

Зарина ҚУАТОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қызғалдақ пен түнгі безендіруді кәсіпкерлер өз өнімдерін жарнамалау  мақсатында демеушілік қаражат есебінен ағымдағы жылдың қыркүйегінде орнатқан. Безендірудің күтіміне "Жасыл ел Тараз" ЖШС мекемесі жауапты. Қазіргі таңда  орнатылған құрылымдардың бұзылу фактілері анықталған жоқ. Күн сайын мамандары безендіруді бұзылмай тұруын тексеріп тұрады.

Б. Жұмабайұлы