Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Үндістанда толассыз жауған жауын-шашын соңы селге ұласты

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
1260
Үндістанда толассыз жауған жауын-шашын соңы селге ұласты

Үндістанда толассыз жауған жауын-шашын соңы селге ұласты. Тоғыз адам көз жұмды, екі адам із-түзсіз жоғалған. Тамил Надун штатының орталығы Ченнаи қаласының көшелері суға толған.  Ресми мәлімет бойынша, 100-ден астам адам қауіпсіз жерге  көшірілді.  Ағаштар тамырымен қопарылып жолдарды жауып қалған, көліктер су астында қалды.   Қазір бірнеше ықшам ауданның тұрғындары жарықсыз отыр. Жергілікті билік су астында қалған азаматтарды құтқарумен әлек. Олар үшін арнайы эвакуациялық орындар ұйымдастырылған. Зардап шеккендер азық-түлікпен қамтамасыз етілуде.  

Мутхувел КАРУНАНИДХИ, СТАЛИН- ТАМИЛ НАДУ МИНИСТРІ:

Алдағы екі күнде тағы да жаңбыр жауады деп күтілуде, бұл таулы аймақтарда су тасқынын тудыруы мүмкін. Ченнай, Канчи, Ченгалпатту және Тируваллур аудандарында  мектеп және колледждерге  демалыс  берілді.  Су тасқынынан келген шығынды  қалыпқа келтіруді тапсырамын.

А. Дукембаева