Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
10.11.2021ж. 20:00
1333
Павлодарда "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының жеңімпаздары анықталды

Ал Павлодарда «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шара   Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бастамасымен Білім министрлігі және «Nur Otan» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған.  1 айға созылған бәсекеге 1000-нан аса оқушы қатысты. Үміткерлер алдымен аудандық, қалалық кезеңдерден өтіп, облысқа   38 оқушы   жолдама алды.  Сайыс қорытындысы бойынша жырды жатқа айтуда мүдірмеген Екібастұз қаласының өрені Айша-бибі Алтынбек бірінші орынды қанжығасына байлады. Жеңімпазға 750 мың теңгенің, ал ұстазына 1 жарым млн теңгенің сертфикаты табыс етілді. Ал екінші және үшінші орындарды Павлодар қаласы мен Екібастұз, Ақсу, Аққулы ауылдық аймағынан келген оқушылар еншіледі.   

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ,  ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
 
Ұлттық кодты дарыту, ұлттық кодты ояту сақтау деген дүние осындай жыр дастандарды жаттаудан басталса керек. Өйткені жыр дастанның өне бойы тұнып тұрған біздің тарихымыз, алтын қазына, алтын сандық деп айтсақ болады. Ал енді оны оқушылардың ашып жатқаны біздің көңілімізге қуаныш ұялатады. Оқушылар ертеңгі буынға осы жыр дастанның қадір қасиетін жеткізуші, ұлттық руханиятымызды насихаттаушы.

Айша-бибі АЛТЫНБЕК, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Бұл сайыс арқылы біз мың жарым баланың бәрі де өз тарихына көз жүгіртіп, халқымызда осындай батыр бар екенін біле алды. Сондықтан, бұл тарихымызды білуге, тануға көп себепші болды. Сондықтан бұл сайыс өте керемет ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардың бәріне рақметімді айтамын.

Ө. Қуанар