Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылордада балалар арасында тұмау өршіп тұр

AstanaTV
10.11.2021ж. 20:00
1139
Қызылордада балалар арасында тұмау өршіп тұр

Қызылордада балалар арасында тұмау өршіп тұр. Аурушаңдық былтырғымен салыстырғанда мың балаға  артқан. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Бұрынғы қалалық перзентханадан қосымша 40 орын дайындалды. Балалар арасында дерттің көбеюіне мамандар да алаңдаулы.  

Сәбит ПАЗИЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Бұл тұмаумен күресте қол жайып қарап отырған жоқпыз. Сол төсек орындар толғаннан кейін кеше біз бұрынғы қалалық перзентханадан қосымша төсек орындарын аштық. Қазір дәрігерлер бар күшін салып осы балалардың тұмауымен күресіп жатыр.

А. Базарбай