Жамбылда 9 сынып оқушысы көрші тұратын досының үйіне барып қайта оралмады. Жасөспірім пневматикалық қарудың оғынан ажал құшты. Бақдаулеттің жақындары оның өліміне ауылдасын кінәлап отыр. Ал полицейлер «өз-өзіне қол салу» бабымен іс қозғаған. Қаза тапқан жеткіншектің отбасы мұнымен келіспейді. Өңірдегі тілшіміз Берік Жұмабай толығырақ айтады.
Қайғылы жағдай Меркі ауданы Тескентоған ауылында болған. 14 жастағы Бақдәулет Балқыбай көрші тұратын досының үйіне ойнауға кетіп, қайтып оралмаған. Тек ауылдастары "балаңды ауыр халде ауруханаға алып бара жатыр" дегенде ғана білген. Бірақ ол кезде бәрі кеш болды дейді. Қайғыдан қан жұтқан отбасы балаларының неден көз жұмғанын біле алмай дал. Мүмкін бізге бірден хабар бергенде аман қалар меді деп күйінеді.
Ақнұр ҰЗАҚОВА, МАРҚҰМНЫҢ ЖЕҢГЕСІ:
Әр адам әр түрлі айтып жатыр. Ауруханадағылар бұл екі үш сағат бұрын жүріп кеткен адам. Бала бұл денесі көгеріп, суып кеткен деп айтып жатыр. Осы жақсы медсестрасы бар бірінші соны шақырған ау димін. Скорыйға дейін. Ол кісі мен барған кезде аузынан көбік ағып қорылдап жатты деп айтқан.
Балғын БАЛҚЫБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ БАУЫРЫ:
Кімге сенетініңді, сембесіңді білмейсің. Получается үйде екеуі болған бірақ сыртта да адам болған. Мылтықты неге қол жетпейтін жерге қоймайды олар. Келетін скорый да уақытылы келмеген. Бала ұзақ уақыт жатып қалған білінеді да. Скорыйды дер кезінде шақырмауы, егер дер кезінде шақырған кезде мүмкін ол аман қалар ма еді.
Қайғылы оқиға болған үй-осы. Бұл -қайтыс болған жеткіншектің досының атасы. "Немерем екеуі жан жолдас болатын, бір-бірінің үйіне қонып та ойнайтын" дейді. Бірақ оқиғаның қалай болғанын білмеймін, көзбен көрмеген соң ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Жексенбек ҚАШҚЫНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Қайтыс болған баланың әке-шешесі де көрмеген. Біз де көрмедік. Не болғанын біз білмейміз. Қазір тергеу жүріп жатыр, сот сараптамасы тағайындалған. Содан кейін беретін жауапты береміз. Басқа сөзіміз жоқ.
Бақдаулеттің өліміне қатысты сот сараптама тағайындалған. Қылмыстық іс қозғалды.
Темірбек ОРАЗЫМБЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Полиция бөліміне аудандық орталық ауруханадан Тескентоған ауылының кәмелетке толмаған 14 жасар тұрғыны пневматикалық қарудан атылған оқ-дәрісінен алған дене жарақатының салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобымен қаза болған бала өзінің досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қаруды алып, далада құс атып жүрген кезінде оқ жарақатын алғаны анықталған.
Қапияда көз жұмған Бағдәулеттің туыстары ол өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді. Сондықтан сот ісі әділ жүргізілсін деп талап етіп отыр.
Б. Жұмабайұлы