Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Түркістан облысында пошта қызметкері 35 млн теңгені қолды қылған

AstanaTV
12.11.2021ж. 20:00
1550
Түркістан облысында пошта қызметкері 35 млн теңгені қолды қылған

Түркістан облысындағы пошталардың бірінен қолды болған  35 млн теңгені өзге емес, өз қызметкері жымқырған. Полиция дерегінше , Сарыағаш ауданының жас тұрғыны қасындағы 2 сыбайласымен   алдын ала сөз байласып, ақшаны шотқа аударған.    Сосын  қомақты қаржыны   өзара бөлісіп алыпты.Үш күдікті  уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Тимур МОМБЕКОВ, САРЫАҒАШ АПБ ТЕРГЕУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ауданда орналасқан поштаның бірінен арыз келіп түскен. Онда белгісіз азаматтар 35 млн теңге ақшаларын алаяқтық жолмен алғанын көрсеткен. Аталмыш арыз Сарыағаш аудандық полиция бөлімімен 190 бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергелуде.  

А. Төребекқызы