Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жастар саяси лагері ауыл мен қала жастарын біріктіреді - «JAS Otan»

AstanaTV
15.11.2021ж. 20:00
1021
Жастар саяси лагері ауыл мен қала жастарын біріктіреді - «JAS Otan»

«Jastar - Otanga!» лагері - ауыл мен қала жастарының арасындағы байланысты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді. Оралда жастар саяси лагерін ұйымдастырушылар, осылай мәлімдеді. Бұл жолғы жиында, Батыс Қазақстан облысындағы 12 ауданның жастары, жастар ұйымдарының мүшелері, оқу орындарының студенттері бас қосты. Лагерьдің мақсаты – жастардың саяси резервін қалыптастырып, дарынды, белсенді қыз-жігіттерді қолдау. Осыған орай қатысуға өтініш білдіргендер қызығушылығы мен бейім-қабілетіне орай іріктеліпті. Ұйымдастырушылар қала ғана емес, ауыл жастарын да көбірек қамтуға тырыстық дейді. Осылайша ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайтпақ.

Нұрғали ЖОЛДАСҚАЛИЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ БҚО ФИЛИАЛЫ ЖЕТЕКШІСІ:

Лагерь барысында жақсы, қызықты бағдарлама құруға тырыстық. Ішінде семинар-тренингтер бар, кездесулеріміз бар. Біздің қызықты спикерлермен, қоғам белсенділерімен, қоғамдық ұйымның өкілдерімен, профессорлармен, соның ішінде біздің «Nur Otan» партиясының депутаттары да кездесіп, жастармен әңгіме-дүкен құратын болады.

Жалпы «Jastar-Otanga» жастар саяси лагері Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2008 жылдан бері, жыл сайын өткізіліп келеді. Сол кезден бері бұл лагерьге екі мыңнан астам адам қатысқан.  

Е. Карин