Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада М.Мақатаев атындағы мәжіліс залы ашылды

AstanaTV
15.11.2021ж. 20:00
1464
Елордада М.Мақатаев атындағы мәжіліс залы ашылды

Елордада ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атындағы мәжіліс залы ашылды. Бұл  мұзбалақ ақынның  туғанына 90 жыл толуына     орайластырылған.  Салтанатты жиын  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылды. Әдебиет майталмандары бас қосып,  ақынның өшпес мұрасы туралы сөз қозғады.  Мәжіліс залын ашудағы мақсат та осы-Мұқағали Мақатаев шығармашылығын насихаттау, оқырмандарды әдебиетті сүюге, өлең қадірін түсінуге баулу. Сол арқылы тағлымды -танымдық орта қалыптастыру көзделген.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Туған жер, Отан сосын өзінің туған халқы, өзінің ана тілі туралы Мұқағалидан оздырып жазған қазақта ақын жоқ. Шынын айтуымыз керек. Менің үш бақытым бар дейді. Бір бақыты - халқы, екінші бақыты-тілі, үшінші бақыты-отаны.

Б. Сатуов