$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Балалар арасында "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауы өтті

AstanaTV
16.11.2021ж. 20:00
1181
Балалар арасында "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауы өтті

Елордада «Тұлпар мініп, ту алған!»  республикалық байқауы өтіп жатыр. Жыр байқауында  қалалық, облыстық кезеңдердің жеңімпаздары  бақ сынасуда. 12 өңірден келген жеткіншектер  30-40 беттен тұратын "Едіге батыр" жырын жатқа айтуы тиіс.   Оған қоса,  Алтын орда мемлекетіне қатысты қойылған кез-келген сауалға мүдірмей жауап беруі керек.  Осы талаптан сүрінбей өткен оқушылар  үздік деп танылады.  1 орын иегеріне -750 мың теңге, 2-ші орынға- 350 мың, ал 3-ші орынға- 200 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.  Қазылар алқасының айтуынша,  бұл сайыстың мән-мағынасы зор. Гаджеттерге  тәуелді боп бара жатқан жастарды еліміздің тарихы мен мәдениетін білуге, шығармашылыққа  баулиды дейді.  Жоба «Nur Otan» партиясы, Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Ерлан БӘКЕНОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Жалпы өтіп жатқан шара өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі таңда балаларымызды кітап оқуға баулу мақсатында және де батырлар жыры, эпостарын жатқа айту мақсатында үлкен бір талпыныс береді деп ойлаймын оқушыларға.


Байқауға Байқоңыр өңірінен арнайы келген 7 -сынып оқушысы Майра Серікбаева  жарысқа жан-жақты дайындалған. Ол 37 беттен тұратын батырлар жырын   1 ай  жаттаған.  Аудандық кезеңде 3 -орынды иеленген талапты өрен  енді республикалық кезеңде бақ сынауда.

Майра СЕРІКБАЕВА, ҚАТЫСУШЫ:
 
Аудандық жарыстан өттім іріктеуден. 1 орын алам деген ойдамын.  Арасынан өзі сұрақ қояды. Біз сол өлеңді жалғастырамыз. Арасынан ең жақсы жаттаған адам іріктеліп, 1 орын алады.

Д. Жарқынбек