Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығының жұмысы жанданды

AstanaTV
19.11.2021ж. 20:00
1476
Алматыда аутизмге шалдыққан балаларға арналған  оңалту орталығының жұмысы жанданды

Алматыда тағы бір қайырымдылық қоры өз жұмысын бастады. Қор    аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсетеді.  Екі жастан  он төрт жасқа дейінгі 41 баланы қамқорлыққа алған.  Оларға арнайы жоба негізінде ем көрсетілуде.  Толығырақ алдағы сюжетте.

"Open mind" қайырымдылық қоры   6 ай бұрын жұмыс бастаған.  Ал бүгін ресми түрде балаларға есігін ашты. Қордың мақсаты- аутизмге шалдыққан балаларға көмектесу. Олар  "Росток" балалар орталығындағы бүлдіршіндерді өз қамқорлығына алды.    Бұл жерде аутист балақайлар мен олардың ата-аналарына кәсіби мамандар қолдау көрсетеді.

Жанат АХМЕТОВА, "РОСТОК" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз мінез-құлық мамандары және арнайы әдістер бойынша жұмыс істейміз. Бұл- аутизмі бар балаларға арналған қарқынды оқу бағдарламасы. Ұзақ уақыт бойы бізде ғимаратпен, кадрлармен байланысты түрлі проблемалар болды, әрине, бізге қаржылық қолдау, материалдық қолдау қажет болды.  "Open mind" қорының бізді қанатының астына алғанына біз қатты  қуаныштымыз.

Жарты жылдағы жетістік көңіл қуантады. Жеті жасар Ұлмекеннің анасы қызының бойындағы  оң өзгерістің барын айтады. Жағдайы біраз жақсарды дейді.

Ботагөз ЖАЙЛАУБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балам қазір өзі жүріп, еш қиындықсыз сұрақтарға жауап бере алады. Өзі барлығын жаймендеп игеріп келеді. Бұрын қоғамдық көлікте жүре алмайтынбыз. Енді қазір бәрі басқаша. Орталық қызметкерлеріне алғысым шексіз.


Қор балаларға барынша көмек қолын созуға тырысуда.  Олардың әрқайсысы ерекше әрі өте белсенді дейді. Өзге өңірлердегі де осындай оңалту орталықтарын қамқорлыққа алу жоспарда бар екенін айтады.

Анжелика КИМ, "OPEN MIND" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Біз балаларға барынша көмек көрсеткіміз келеді. Шетелден дәрігерлер  алдырып, олардың кеңестері арқылы балаларға бақыт сыйлағымыз келеді.

Қор қызметкерлері меценаттардың  көмегіне үміт артады.  Олар аутизмді тек  көппен бірге    шешетініне сенімді.

Б. Сатуов