Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

AstanaTV
19.11.2021ж. 20:00
1160
Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Биыл Жамбыл Жабаевқа 175 жыл. Осыған орай Таразда «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференция өтті. Ауқымды шараға арнайы келген делегация, алдымен ақынның монументіне гүл шоғын қойды. Мұнан соң «Жыр алыбы - Жамбыл» көрмесін тамашалады. Конференцияда "жиырмасыншы ғасырдың Гомері» атанған ақынның жыраулығы сөз болды. Қырғыз елінен келген қонақтар, жыр дүлділінің иісі, түркі дүниесіне ортақ екенін тілге тиек етті. Қос ғасырдың куәгері болған Жамбыл Жабаевтың жауһар жырлары елуге тарта тілге аударылып, әлемдік әдебиеттің қорын толықтыра түскен. Конференцияда «Жамбыл жырау» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Қатысушылар Жамбыл Жабаевтың тарихи шығармалары әлі тиісті деңгейде зерттелмеген деген пікірде. Әрі жыр алыбын жас ұрпаққа жаңа қырынан таныту қажет дейді.

Дәурен АБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бүгін абыздарымызға арман болған азаттықтың айшықты белесіне шығып, бабалар мирасын дәріптеп отырмыз. Жамбылдан жеткен өнегелі өсиеттің де табан тірер тұғыры, тамыр тартар тереңі осы айнымас құндылықтарда. Сондықтан Жамбыл мұрасын жаңғыртып, жан-жақты насихаттау ісі күн тәртібінен түспейді.


Б. Жұмабайұлы