Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бір баланы мектепке дайындау үшін ата-аналар шамамен 25 мың теңге жұмсайды

AstanaTV
16.08.2017ж. 20:00
3475
Бір баланы мектепке дайындау үшін ата-аналар шамамен 25 мың теңге жұмсайды

Бір баланы мектепке дайындау үшін ата-аналар шамамен 25 мың теңге жұмсайды. Мұны аз қамтылған және көп балалы отбасылардың қалтасы көтере бермесі анық. Осы әлеуметтік мәселені ескерген «Нұр Отан» партиясы «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» жобасы аясында, «Баланы мектепке дайындаймыз» республикалық акциясын бастады.

Бүгін алматылық  20 бала мектеп формасы мен оқуға қажетті құралдар толтырылған сөмкелерді партия белсенділерінің қолынан тегін алды. Жалпы акция барысында 160 балаға оқу формасын үлестіру қарастырылған. Мектеп формасын отандық «Қазжеңілөнеркәсіп - Алматы» тігін фабрикасы ұсынған. Бастама кезең-кезеңмен тамыздың 25-не дейін жүргізілмек.

Мадина Қалиева, қала тұрғыны:

«Нұр Отанға» көп рахмет. Осы қыркүйек айына балаларға мектеп формасын беріп жатқанына.  Елеп ескергеніне. Осы акцияға түскенімізге қуаныштымыз.

Тамара Шәкірова,  «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Жетісу аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі: 

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларында жаңа оқу жылына қарсы қиындықтар туындайды. Ата-аналар: "Кейбіреулердің баласы сабаққа құрал-саймандары түгел барады, біздікі не істейді?" - деп қамығады. Сондықтан барлық бала бірінші қыркүйекте мектепке ерекше көңіл-күйменен баруы үшін, біз қала бойынша 160 балаға көмек көрсететін боламыз.