Соңғы тәулікте елімізде Ковид-19-ды жұқтырғандар саны біршама азайды. Бірақ әлі арқаны кеңге салуға болмайды. Ресми ақпарат бойынша, қазір ауруханаларда 6 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның 129-ының жағдайы ауыр. Бір аптаның ішінде 150 науқас қауіпті індеттің құрбаны болды. Соңғы тәулікте 11 адам көз жұмған.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 2 өңір, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "сары", ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. Бұған дейін "жасыл" аймаққа көшкен Алматыда бүгіннен бастап карантин жеңілдетілді. Барлық тасымалдаушы, оның ішінде туристік бағыттар да өз қызметін бастады. Вокзалдар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондарының шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
А. Базарбай