Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына орай әдеби кеш өтті

AstanaTV
22.11.2021ж. 20:00
1664
Елордада Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Елордада тәуелсіздіктің 30 жылдығына   және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты- жастар арасында қазақтың жаңашыл ақыны, публицист – Қасым Аманжоловтың мұрасын дәріптеу және насихаттау дейді шара ұйымдастырушылары. Ақын сөзіне жазылған «Дариға, сол қыз»,   «Ақ сәуле», «Алма бағында», «Орал» әндері  қазақ сахнасында жиі орындалып жүр. Сондай-ақ,  шара аясында    Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер, ақынның өмірбаяндық артефактілері, деректі материалдары мен  кітаптары көпшілік назарына ұсынылды.


Мирас ҚҰТТЫБАЙ, Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Әдеби сазды кешімізде бастау алып отыр.Бұл кешке Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қаласының оркестрлері, С.Сейфуллин атындағы драма театры, сонымен қатар қазақ эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева. Клара Төленбаева сияқты. Барлық шығармалар осы Қасымның әндері айтылып, өлеңдері оқылатын болады.

Ә. Дүкембаева