$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Биылғы қыс Батыс Қазақстан облысына ауыр тиюі мүмкін

AstanaTV
22.11.2021ж. 20:00
1772
Биылғы қыс Батыс Қазақстан облысына ауыр тиюі мүмкін

Батыс Қазақстан облысында биыл жолды қардан тазартуда қиындықтар болуы мүмкін. Өйткені «Қазақавтожол»-дың аймақтық бөлімшесі қаржыдан тарығып отыр.  Соның кесірінен, техникалардың тозығы жеткен,  маман  тапшы. Мәселені шешуге "Nur Otan" партиясының бақылау комиссиясы араласты. Өңірдегі тілшіміз Еркін Карин толықтырады.

Бекітілген нормативке сай, облыстағы «Қазақавтожол» мекемесінде 85 арнайы техника болуы тиіс. Бірақ қолда бары - 65 машина. Оның жиырмасын өзге мекемелерден жалға алып отыр. Техниканың тозғаны аздай, білікті мамандардың да тапшылығы байқалады.

Әмір КӘРІМБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ЖШС БҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Облыстағы мыңдаған шақырым республикалық жолдың күтімін мойнына алған «Қазақавтожолға» жыл сайын бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінуі керек. Бірақ бізге беретіні небары 1,5 миллиард теңге ғана. Бұл қаржыны үнемдеп жұмсап, қыста қарын тазалап, ой-шұқырын жөндеуі тиіс. Техника шығыны, жылыту жүйесі, жанармай мен жұмысшылардың жалақысы тағы бар. Қазір асфальтың да бағасы шарықтап тұр. Әрі қажет материалдың бәрін басқа облыстардан тасимыз. Жұмыс өз деңгейінде жүруі әлі 1 миллиард теңге төленуі керек.


Ал көлік ағылған күре жол қыста уақытылы тазаланбаса, жол байлайды. Көктайғаққа айналып, түрлі апат болуы мүмкін. Былтыр Орал-Атырау тас жолының бойында жол көлік оқиғасынан он шақты адам қаза тапқан.

Нұрғиса КАМАШЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұрынғы белгілеген стандарт ол енді ескірді. Қазіргі таңда жаңа стандарт енгізетін адам керек бұл жерде. Эксперттер тапшы және жүргізушілер тапшы. Көбі үлкен кісілер. Зейнеткерлік жасқа келген, сол шамадағы адамдар. Соны ұсыныс ретінде біздің партиялық бақылау комиссиясы жаңағы аталмыш компанияның басшылығына я болмаса комитетке ұсыныс ретінде жолдайтын боламыз.

Партиялық бақылау комиссиясы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да  олқылықтар   анықтаған.  Мекеме қызметкері жеке деректерді жария еткен. Қызмет бабын асыра пайдаланған оған әзірге қатаң сөгіс беріліпті. Егер бұдан сабақ алмаса, қызметінен  қуылуы мүмкін.

Афиза СЕМҒАЛИЕВА,"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКТОРЫ:


Бос жер телімдері ЦОН арқылы өткенде олар маркер арқылы белгілейді екен. Қызметкер біледі, мысалы, мына жер бос участок дегенді. Госкорпорация айтады: осындай бір қызметкер он шақты жерге сөйтіп кіріп қараған екен арнайы бағдарлама арқылы. Ал неге қарайды сұраныс болмаса? Яғни, бұл жерде уже сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар деген сөз.

Партиялық бақылау комиссиясы әлеуметтік желілерге ұдайы мониторинг жасап, халық шағымына құлақ түріп отырады. Анықталған кемшіліктердің көбі желіде жария болған жазбалар негізінде анықталған.

Е. Карин