Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

AstanaTV
23.11.2021ж. 20:00
1149
Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 10 шақты адам құтқарылды.   Науқасты жедел жеткізуі тиіс жедел жәрдем   көлігі мен 5 жолаушысы бар жеңіл машинаны құтқарушылар омбы қардан әрең шығарып алған. Бұқар жырау ауданында Ақадыр кентінің маңында тұрып қалған жолаушыларға жол талғамайтын техника көмекке келді. Қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан Қарағанды қаласының өзінде автобустар жүре алмай қалды. Жұмысқа асыққан жұрттың   қоғамдық көлікті өз  күштерімен итеріп шығаруына тура келді.

Елдос КЕҢЕСОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

Көліктер тайғанап жол бойына тұрып қалған. Ондай кезде арнайы техникаларды жібереміз. Адамдар қауіпсіз жерге апарылады. Бізде жол талғамайтын арнайы ауыр көліктер бар. Осының алдында ауа райының бұзылатыны хабарланды. Осы апта қатты жел соғып, көктайғақ болады. Жолға шықпас бұрын болжамдарды ескеру керек.

А. Қуаш