Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде көмір тапшы

Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде көмір тапшы

Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты  Сексеуіл кентінде көмір жоқ. Облыс орталығынан өте шалғай орналасқан елдімекенде бұл проблеманың түйіні бірнеше жылдан бері тарқатылмай келеді . Жергілікті билік  мәселені неге шеше алмай отыр? Тақырыпты тілшіміз Әсел Дүкембаева сабақтайды.   

11 мың халқы бар Сексеуілде қазір 2200 үй жылусыз отыр. Көмір сататын орындарда ұзын-сонар кезек.

Қанипа ЖҰБАНЫШЕВА, СЕКСЕУІЛ КЕНТІНІҢ  ТҰРҒЫНЫ:

Шелектеп аламыз, қаптап аламыз. Көрші көлемде екі бастан болдық шелектеп алып. Балаларымыз тоңып жатыр үйде, майда баламыз бар 1-ге толмаған, кіттай жаңа босанған келіншек.

Сексеуіл кентіне көмір 10 күнде бір рет қана жеткізіледі.  Дәл қазір қойма бос тұр. 15 вагон әлі жолда дейді.  Тұрғындар отын  тапшылығынан әбден шаршадық дейді.   

Қазбек МАНАШОВ, СЕКСЕУІЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жоқ енді не істеу керек. Керек па, ертеректе баяғыда бір поездті тоқтатқанбыз кезінде. Керек па оны да істейміз. Тоқтатамыз керек болса. Шаршадық біз уже ананың аузына, мынаның аузына қарап.


Ал әкімнің айтуынша, тапшылық туындамас үшін әр отбасына  2 тоннадан беріп жатырмыз дейді.   Айтуынша, кентке қатты отын тасымалдаумен  жеке кәсіпкерлер айналысады.

Сәкен ТӨРЕШОВ, СЕКСЕУІЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Сексеуілде осы көмірмен айналысатын 12 кәсіпкер бар. Олардың әрқайсысы 5-10 вагонға ақшасын төлеп қойған. Оның барлығын зерттеп көрдік, олар алып-сатарларға беріп тастаған. Көмір үшінші-төртінші қолға өтіп кеткен.

Көмірдің жетіспеушілігі осыдан туындады дейді әкім. Олар мәселені шешу үшін, көмір өндеумен айналысатын кең орын басшылығына хат жолдапты. Бірер күнде  12 вагон  келеді деп күтіп отыр.
 
Ә. Дүкембаева