Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда кәсіпкерлер тұрақтандыру қорының тендеріне қатысудан бас тартты

AstanaTV
24.11.2021ж. 20:00
1215
Атырауда кәсіпкерлер тұрақтандыру қорының тендеріне қатысудан бас тартты

Атырауда көкөніс бағасы биыл да аспандап кетуі мүмкін. Өйткені «Атырау» кәсіпкерлік корпорациясының арзан  картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияз жеткізу және сақтау үшін жарияланған тендерге атыраулық кәсіпкерлер қатыспай отыр. Айтуларынша, аймақта  арнайы қойма жоқ. Сондықтан олар  пайда көрмек түгілі шығынға шаш етектен батамыз деп қорқады.

Былтыр  тұрақтандыру қорындағы көкөністер көктемге жетер-жетпестен таусылып,  баға бет қаратпай қойған. Картоп пен сәбіз 400 теңгеден саудаланып, халық сенделіп кетті.  Сондықтан биліктегілер биыл  көкөністі  жылдағыдан көп алуды жоспарлап отыр. Бір  мың тоннадан асатын ауылшаруашылық өнімін әкелуге және сақтауға екі  лот жариялаған. Бірақ ол тендерге  ешкім  түспеген.

Мұрат САРМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ФЕРМЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Ол бірнеше мыңдаған тонна оны әкеліп сақтайтын  өзінде қойма жоқ. ол қойма мүмкін біреуден жалға алуы мүмкін немесе біреуден қоя тұруға алуы мүмкін. Оның барлығына да ақша төлеу керек. Сол  қоймаларда ішінде біздерде сақтайтын  өзінің технологиялық процестері бар. Біздікі  ондай ондай қоймаларға мамандандырылмаған. Сол себепті кәсіпкерлердің түспей отырғаны, қорқып отырғаны содан.


1 мың тонна картоп, сәбіз, қырыққабат пен пиязды келер жылдың жазына дейін сақтауға 4 млн 500 мың теңге ұсынылып отыр.  «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы алғашқы тендерге ешбір кәсіпкер қатыспаған соң, екінші рет жариялаған. Бірақ бәрібір қызығушылар жоқ,- дейді.  

Гүлназ КӘРІМЖАН, «АТЫРАУ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Дәл қазір екі тендер жарияланды. Оның бірі көкөніс сақтау қоймасы бойынша, ал екіншісі азық түлік өнімдерін бізге ұсыну бойынша. Яғни,егер өзінің қоймасы болмаған жағдайда кәсіпкер біздің ұсынысымыз бойынша бөліп әкелуге тиісті.


Қазір қорда 2500 тонна ауыл шаруашылық өнімі бар. Бұл былтырғыдан  3 есе  көп. Көкөністі аймақтағы ірі қоймасы бар шаруа қожалығы  сақтауда. Ал қалған мың тонна өнім өңір тұрғындарына жеткізіле ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Бұл кедергі өңірдегі күнделікті тұтынатын көкөніс бағасының қымбаттауына әкелуі әбден мүмкін.

Б. Нәдірқызы