Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Тобыл өңірінде 72 жастағы балықшы суға батып кетті

Тобыл өңірінде 72 жастағы балықшы суға батып кетті

Абайлаңыз, жұқа мұз.  Қостанайлық құтқарушылар дабыл қағуда. Бұл ескертуді елемеген  балықшы  суға кетіп, қайтыс болды. Қауіп-қатердің алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлер күн сайын рейдке шығуда. Бірақ, көкмұздың үстінде «сейілқұратын көпшілік» сейілер емес. Жұқа мұздың жасырын қаупі жөнінде Заңғар Санай сабақтайды.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Соңғы екі айда өңірде  3 балықшы суға кетіп, көз жұмды. Ал былтыр осы уақытта екі адам ажал құшқан.Құтқарушылар   мұз қалыңдығы 10-15 см жетпейінше тұрғындардың балық аулауға шықпағаны жөн дейді. Бірақ бұл ескертуді көпшілік ескермейтін көрінеді.

Ескертуді елемеудің соңы  қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Мәселен екі күн бұрын төрт тұрғын Обаған өзеніне балық аулауға шыққан. Оның  бірі мұз үстінде көлікпен жүрген. Кенеттен мұз ойылып,тізгіндегі  72 жастағы қария суға батып кетеді. Қайғылы оқиға оның ұлдары мен досының көз алдында болды. Өкінішке қарай, оны ешкім құтқара алмапты.  Балықшының  денесін сүңгуірлер  тауып алды.Ал көлік  әлі өзен түбінен шығарылған жоқ. Өйткені мұз жұқа.

Бақтияр МҰҚАН, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Балықшылар арасында қайғылы оқиға болдырмау мақсатында департамент қызметкерлері,полиция департаменті, аумақтық инспекция бірлесіп рейдтік іс-шаралар күн сайын өткізіледі. Онда балықшыларға  негізгі ережелер, қауіпсіздік ережелері жеткізіледі.Бірақ олар біздің ескертуге мән бермейді.

Жұқа мұзда жасырын қауіп  бар екенін балықшылар да жақсы біледі. Біле тұра, басын бәйгеге тігеді. Виктор  он жылдан бері Тобылдан балық аулайтынын айтады. Өзеннің әр тұсы  әр қилы. Сақ болмасаң, суға батасың да кетесің дейді, қарт балықшы.

Виктор, БАЛЫҚШЫ:


Тобыл өзенінің әр тұсы әртүрлі қатады. Кей тұстары шұңқыр.Суға батып кету қаупі бар. Бұлақ көздері бар.Ол маңайдың мұзы мүлдем жұқа.Өте қауіпті.


Қарашаның қара суығы келсе де,Тобыл өзені әлі толық қатқан жоқ.Айдын  бетіне шығып, балық аулау үшін мұз  қалыңдығы кемінде  15-20 сантиметр болу керек дейді мамандар.

З. Санай