Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Вера Гейнц: "Елдіктің жеті тұғыры"- бірлік пен татулықтың символы

Вера Гейнц: "Елдіктің жеті тұғыры"- бірлік пен татулықтың символы

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Саясаткерлер мен қоғам белсенділері бұл құжаттың аса маңызды рөл атқаратынын жарыса айтуда.  «Nur Otan» партиясы Павлодар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Вера Гейнц Елбасы атаған жеті тұғыр еліміздің тұрақтылығын одан әрі нығайтатынына сенімді.   Елбасының әр шешімі маңызды  дейді ол.

Вера ГЕЙНЦ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Елімізді аяғынан нық тұрғызып, сарабдал саясат жүргізу үлкен жұмыс. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді. Елбасының көрегендігінің арқасында Қазақ елі дамудың даңғыл жолына түсті. Бұның барлығы елдегі дұрыс саясаттың жемісі - деп білемін.

«Елдіктің жеті тұғырын» Вера Гейнц бірлік пен татулықтың, даму мен жаңғырудың символына теңейді. Өйткені, бұл құжат еліміздің бірлігін бекемдеп, ынтымағын нығайтады деп біледі.
 
Вера ГЕЙНЦ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл құжат Тәуке ханның «7 жарғысы», Қасым ханның қасқа жолы секілді ежелден келе жатқан тарихи құжаттардың жалғасы іспеттес. Әр құжаттың өз маңызы бар. Сондықтан жеті қағидатта еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуда үлкен рөл атқарады деп ойлаймын.  Еліміздегі басты құндылық адам және оның еркіндігі. Бұл құжат осыны бекемдей түсеріне бек сенімдімін.


Ө. Қуанар