Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Елдіктің жеті тұғырын сақтау - жастарға берілген аманат"- Ә.Зарифов

AstanaTV
24.11.2021ж. 20:00
2989
"Елдіктің жеті тұғырын сақтау - жастарға берілген аманат"- Ә.Зарифов

Елдіктің жеті тұғырын сақтау – бізге берілген аманат! "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына онлайн қатысқан оралдық жастар осылай қанаттанып отыр. Бөрлі аулының әкімі Әзілхан Зарифов осы алқалы жиында Елбасы алдында сөз сөйледі. Жас әкім – "тәуелсіздік буыны" деп аталатын, 90-жылдары дүние есігін ашқан ұрпақтың өкілі. "Біз егемен елде тудық, еркін қоғамда өмір сүріп, шетел аралап, сапалы білім алдық" дейді ол. Бұл орайда  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі ерекше екенін атап өтті. Саяси кеңесте Елбасы  «Мәңгілік ел» мұратын тұрлаулы етудің жеті тұғырын атады. Жастар осы «Жеті тұғырды» терең түсініп, өмірлік ту етуі керек дейді Әзілхан Зарифов.

Әзілхан ЗАРИФОВ, БҚО БӨРЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

«Мемлекеттіліктің жеті тұғыры» тұжырымдамасы алдағы онжылдықтарға бағдар болатын құжат. Өйткені Елбасы «Абылайдың ақ жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» қағидаттарымен шектелмей, әлемдегі озық тәжірибені де енгізді.  Ұлт Көшбасшысы болашақ ұрпаққа осындай қамқорлық көрсетті. Сондықтан оның алдағы онжылдықтарды айқын бағамдаған көрегенділікке толы ісін жалғастыруымыз керек.


Оралдық жастардың айтуынша, Елбасы мемлекеттің тұтастығын сақтап, алға дамыту жолында өзінің теңдессіз реформатор екенін көрсетті.  Ата-бабамыз  аманаттаған тәуелсіздікті тұғырлы ету  біздің қолымызда. Сондықтан «Мемлекеттіліктің жеті тұғыры» тұжырымдамасы  еліміздің ертеңі-жас ұрпақ үшін  ерекше маңызды әрі мәртебелі дейді.

Е. Карин