Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада бір күнде 142 жол апаты болды

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
1906
Елордада бір күнде 142 жол апаты болды

Елорданы қалың қар басты. Көшелерде қозғалыс қиындап, кептеліс туындады.   Бүгін таңертеңнен бері бас қалада 45 жол -көлік оқиғасы болды.  Салдарынан қоғамдық көліктердің жүрісі баяулап, жол-көлік оқиғаларының саны артты.  Толығырақ алдағы сюжетте

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Екі күн қатарынан тоқтамай жауған қар елорда тұрғындарын әбігерге салды.   Тіпті ауладағы көліктер де омбы қардан шыға алмай қалды.  Ал такси қызметінің бағасы шарықтап кетті.

Толассыз жауған қар  әуежай жұмысына да кедергі келтірді. Салдарынан  рейстердің ұшу уақыты өзгерді.

Ерғазы ЖОЛДАСОВ, Н.НАЗАРБАЕВ ХАЛҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

10 рейстің бізде кешігуі болды. Сол кешігіп келген рейстердің 6-уы келіп, 6-уын таңертең өзінің бағыты бойынша шығарып салдық.

Елордада қар күреуге 2 мың жұмысшы және 2 мың арнайы техника жұмылдырылған. Коммуналдық сала мамандары күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істеп жатыр.

Ләззат СТАМҒАЗИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде бір айлық қардың нормасы жауып жатыр. Қазіргі таңда коммуналдық қызметіміз күшейтілген жағдайда жұмыс жасауда. 24-25не қараған түнде 26 мыңға жуық қар шығарылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қолайсыз ауа-райынан бір тәулікте  142 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам зардап шекті. Ал бүгін 45 жол апаты болған. Сондықтан  құзырлылар тұрғындарды барынша сақ болуға  шақыруда. Екінші ауысымдағы  7-ге дейінгі сынып  оқушылары үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.    

БЛИЦ:

- Жолды тазалаған жоқ. Қажымұқан ауылынан келем жұмысқа мұнда.Жол бойы жылан сияқты ирек-ирек етіп.

- Уақытылы келіп жатқан жоқ автобуздар.

- Өте қалың жауды қар. Жұмысқада кедергісі тиіп жатыр.


Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Төпелеп жауған қарды қаншалықты қыстың сәні десек те, оның әлегі де аз болмайын деп тұр. Сондықтан  жауаптылар тұрғындарды алыс жолға шықпай тұрып, ауа-райымен санасқаны жөн дейді.


Б. Сатуов