Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақмола облысындағы кәсіпорын Калашников автоматының жаңа түрін құрастырмақ

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
2120
Ақмола облысындағы кәсіпорын Калашников автоматының жаңа түрін құрастырмақ

Ақмола облысында  Калашников автоматының жаңа түрі құрастырылмақ. Өңірдегі ірі кәсіпорынның бірі қазір осы орайда нақты жұмыстарды қолға алған.   Әлемнің бірнеше еліне   өнім  экспорттайтын компанияның алдағы жоспары ауқымды. Жалпы өңірде   тәуелсіздік жылдары тауар өндірісінің үлесі 100 есе ұлғайған.  Өңдеу өнеркәсіптері   қарқынды дамып келеді.  Көкшетаудың өзінде 35 ірі және орта кәсіпорын бар.  Зауыттар мен фабрикалардың барлығы әлемдік стандарттарға сай  заманауи   технологиялармен жабдықталған.  Толығырақ әріптесім Асылбек Данияр айтады.  

Ақмола облысында  өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Бұл аймақ экономикасына оң әсер етуде.  Индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30 жыл бұрын 60 пайыз болса,  қазір  80 пайыздан асты.  

Александр ЗАГРЕБИН, АҚМОЛА о. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыстың өнеркәсіп саласының болашағы зор. Біз инвестициялық жобалардың негізін қалыптастырдық. 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс 300-ден астам жоба бар. Олардың ең көлемдісі – алтын алу фабрикасы, кірпіш зауыты, Макинск құс фабрикасының құрылысы.

Өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі - "Тыныс" акционерлік қоғамы. Нарыққа шыққанына 62 жыл болған. Мұнда өкпені жасанды желдету құрылғысы, әсери сауыт-саймандар мен авиациялық көліктердің бөлшектері дайындалады.  Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған заманауи электронды арбалар құрастырылады.  Компания өнімдері  шет елдерге де экспортталады. .

Арман ДАНАЕВ, «ТЫНЫС» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Экспортқа шығатын негізгі өніміміз -авиациялық өнімдер. Денені қорғайтын бронежилеттерді Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен тігеміз. Яғни оны негізінен ішкі нарықта сатамыз. Өкпені жасанды желдету аппараттарын Қазақстанда және Қырғызстан, Тәжікстан және Үндістанға сатамыз. Еңбек министрлігінің сұранысына қарай кресло-арбалар шамамен 1,5 мың дана өндірілді.


Бұл- "Тыныс" акционерлік қоғамының тегін цехы. Жұмысшылардың бәрі жергілікті тұрғындар. Мұнда негізінен тапсырыспен арнайы киімдер тігіледі. Роза Сералина 8 жылдан бері осында еңбек етеді. Жұмысым өзіме ұнайды, дейді ол.  

Роза СЕРАЛИНА, "ТЫНЫС" АҚ ТІГІН ЦЕХЫНЫҢ ТІГІНШІСІ:

Мен 1987 жылдап бері тігіншілікпен айналысамын тігін фабрикасында. Зауытқа арнайы киім тігеміз, күзетшілерге киім тігеміз, халаттар тігеміз.  Мысалы мен бронежилеттің гранатаға арналған қапшығын тігемін.

Аймақта машина жасау, металлургия, құрылыс және азық-түлік өндірісі салаларында да жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 22 млрд теңге болатын  22 индустриалды жобаны жүзеге асыру көзделген.

А. Данияр