Елбасы, "Nur Otan" партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде 217 жол картасының іске асырылуына жүйелі бақылау жүргізілуде. Бүгін төрағаның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-сұлтан қаласында партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру барысымен танысты. Айта кетейік, жыл басынан бері Елордада 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылып, 7 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, 100-ге жуық көше жөндеуден өтті .Игі істер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарлама аясында жүзеге асырылған. Сондай-ақ, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек «Өндіріс» тұрғын алабындағы №23 мектептің 600 орындық жаңа корпусын аралап көрді. 2019 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ауданда халық тығыз орналасқандықтан, аталған оқу орнын кеңейтуді тапсырған еді. Жаңа корпустың құрылысы партияның қалалық сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын. Жалпы, партия елордада 2025 жылға дейін 60 мың орынға арналған кемінде 50 жаңа мектеп салу міндетін қойып отыр. Биылдың өзінде 8 жаңа мектеп ашылып, тағы 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр.Содан кейін партия Төрағағасының бірінші орынбасары астанадағы 2-ші жылу электро орталығының газға көшіру жұмыстарының барысымен танысты. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың экология мәселелерін ел мен билеуші партия үшін басымдыққа айналдыру міндетін қойғанын еске салды. Жалпы, елбасының өңірлерді газдандыру жөніндегі «Сарыарқа» жобасы аясында жыл басынан бері қалада 10 мыңнан астам үй газбен қамтамасыз етілді.
Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Елбасының, президентіміздің саясаты әрбір қарапайым азаматқа жағдай жасау. Біз партия тарапынан ауылдық жерлерде де газ мәселесі, су мәселесі, жол мәселесі соны шешуге қыруар ақша бөлініп жатыр.Сондықтан біздің қаламыз біз тұратын сапалы болуы керек.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Өндіріс» тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Жыл соңына қарай мұнда күнделікті 500-ден астам адам самбо, кикбоксинг, пауэрлифтинг және басқа да спорт түрлерімен айналыса алады. Жалпы, партияның уәделеріне сәйкес осы жылдың өзінде өңірлерде 127 мыңнан астам секция ашылып, 22 мыңнан астам балалар үйірмесінің жұмысы қайта жанданған. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек қалалық партия активімен бірге Елорда бойынша сайлауалды бағдарламаның іске асырылу барысын талқылады.
Б. Сатуов