$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Елордада екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

AstanaTV
26.11.2021ж. 20:00
2008
Елордада екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтанда  екі қоғамдық көлік  соқтығысып, екі адам зардап шекті. СTS көліктік компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, №20 автобустың жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып,  жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ал сол сәтте келесі бағыттағы №36 автобус аялдамаға тоқтамақшы боп жатқан.  №20 автобустың  жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылған. Оның жолаушылар көлігін жүргізіп жүргеніне 5 жыл болған.  Таңертең рейске шығар кезде   медициналық тексеруден өтті дейді. Қазір компания басшылығы жүргізушіні тәртіптік кеңеске салуды және жұмыстан шеттету мәселесін қарастыруда. Ал жол -көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Көпбейінді 2-ші ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қалыпты. Орта жағдайда.

Түрлі дене жарақаттары бар, бірақ алайда өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.

Ә. Дүкембаева