$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін алынған ноутбуктар талапқа сәйкес болмай шықты

AstanaTV
26.11.2021ж. 20:00
1058
Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін алынған ноутбуктар талапқа сәйкес болмай шықты

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд теңгеден астам қаржы жымқырылған. Бұл деректі Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері анықтады.  

Агенттіктің мәліметінше,  аймақтың білім мекемелеріне 21 мың ноутбук сатып алу көзделген. Осы мақсатта Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы  «МТ-Сервис» серіктестігімен 3,4 миллиард теңгеге келісім жасаған.   Алайда, 2,5 млрдтан астам  теңгеге алынған  тауар тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеген көрінеді.  Қазір бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша аталған серіктестік  басшысы мен облыс әкімдігінің Адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.  

А. Төребекқызы




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах