$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкенттегі қуыршақ және жасөспірімдер театрында шу шықты

AstanaTV
29.11.2021ж. 20:00
1923
Шымкенттегі қуыршақ және жасөспірімдер театрында шу шықты

Шымкенттегі қуыршақ және жасөспірімдер театрынан шу шықты.  Мәдениет саласының майталмандары    соңғы жарты жылда ұжымнан береке қашты дейді. Айтуларынша,  қазіргі басшы яғни, директордың міндетін атқарушы азаматтың кесірінен  талай білікті маман жұмыстан кеткен. Ал театр балаларға арналған көркем дүние жасаудың орнына  ересектердің күйін күйттеп жүрген көрінеді. Жаңа басшы орнынан кетпесе,  жұмысқа шықпаймыз  деген өнер ұжымының жанайқайын әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізеді.

Шымкенттегі қуыршақ және жасөспірімдер театры ұжымының айтуынша, соңғы алты айда жиырма маман жылы орнын босатқан.   Жаңа басшы білікті кадрларды  сақтап қалмақ түгілі  жаңадан келгендердің өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отыр дейді наразы топ. Қазір тіпті  демалыссыз жұмыс істеп жүргендерін айтады.   

Нұрғали ТҰРЛЫБЕКОВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚУЫРШАҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ДЫБЫС ОПЕРАТОРЫ:

Спектакльдерді аяқ астынан бізде қоя салады. Оған актер дайын емес. Мысалы мен өзімнің заттарымды  қойып установкасын қойып үлгеруім керек қой,  үлгере алмай жатырмын. «Сен барда анаған көмектес» - дейді. -«Надо будет пол жуғызам»- деген сөздері де бар.  

   
Наразы топ ұжымның соңғы уақытта қойып жүрген дүниесі де шала,  балалардың сұранысына сай келмейді деп отыр. Кілең ересектерге арналған қойылымға басымдық беріп жатыр дейді. Салдарынан көрермен азайғанын айтады.  

Үсен АЛТАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚУЫРШАҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

«Гамлет» деген қойылым қойдық өткенде мысалы, оның өзі шала. Оған көрермен табылмағаннан  кейін 2-3 класс оқитын балаларды әкеп отырғызды. Көрерменнен уже айрылдық қой уже. Бізде 150 дей ма қуыршаққа арналған қойылымдарымыз бар еді, оның қаншасын қысқартып тастады, сол бір қырық па қалды.  

Жұмыстан кеткендердің бірі - бұрын  бас суретші болған Ақмарал Дәулетәліқызы. Оның айтуынша,  жаңа басшы келгелі төрт қойылым әзірлепті. Бірақ қажетті қаржыны бөлгізе алмай қиналдық дейді.   

Ақмарал ДӘУЛЕТӘЛІҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ қ. ҚУЫРШАҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ақша беру жағына келгенде жекеменшік ақшасы құсап  бермейді. Бір затты алып келсең, ол қымбат басқасын арзанын тауып кел, арзанын тауып кел,- дейді. Костюмын әперсем туфлиін ала алмаймыз, туфлиін әперсем шалбарын алып бере алмаймыз. Сонша қиналғандығым соншалықты жұмыстан кетуіме тура келді.


Ұжым бұл наразылықтарын қазіргі басшы келген алғашқы екі аптада-ақ жоғарыға жеткізген көрінеді. Бірақ нәтиже жоқ дейді.

Ал театр директорының міндетін атқарушы Самат Алтаев бұл айтылғандардың ешқайсысымен  келіспейтінін айтады.  

Самат АЛТАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚУЫРШАҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біздің негізгі мақсатымыз театрдың ішіндегі мәселені өзіміз шешкенін қалаймыз. Оны сіздердің наразылықтарыңызды мысалыға театр басшылығына не болмаса мәдениет басқармасына ешқайсыңыз белгі берген жоқсыздар, айтқан жоқсыздар оны.  

Қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары  Мөлдір Кеуенова бұл мәселелерден мүлдем хабарсыз екенін айтады.

Мөлдір КЕУЕНОВА, ШЫМКЕНТ қ. МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осындай дау бар екенін, директорларыңызды қабылдамай жатқандарыңызды немесе заңсыздық орын алып жатса, бірінші управление бар ғой, дұрыс па..Управления бар. Біз білмейміз.

Басқарма орынбасары  мәселені осы аптадан қалдырмай  шешеміз деп сендірді. Арнайы комиссия құрылып, тексеру жүреді.   

А. Төребекқызы