Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бас әскери-клиникалық госпитальда 18 жастағы сарбаз көз жұмды

AstanaTV
30.11.2021ж. 20:00
3144
Бас әскери-клиникалық госпитальда 18 жастағы сарбаз көз жұмды

Нұр-Сұлтандағы бас әскери-клиникалық  госпитальда сарбаз көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, жас жігіттің өліміне  жақ астындағы мойын тұсының қабынуы  себеп болған. Ресми мәліметке сүйенсек, ол   небәрі 20 күн бұрын ғана әскери қызметке шақырылған.    Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:


Әскери госпитальда көз жұмған Бобир Сариев небәрі 18 жаста болған, Түркістан облысының тумасы.    "5 қараша күні  ғана әскерге шығарып салған едік ",-дейді  әкесі. Айтуынша, баласының бұған дейін денсаулығына қатысты ешқандай шағымы болмаған. Тек 3 күн бұрын тісі ауырып, ауруханаға  түскенін естіпті.

Бауыр ет баласынан қапияда көз жазып қалған ата-ана есін жия алар емес.  Күні кеше көз алдында күліп-ойнап,әскери  борышын өтеуге аттанған    ұлдарын енді қайтып көрмейтініне олар сене алмай отыр.
 
Халмат САРИЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:


25 күні госпитальға жатқан ғой, 28-і қайтыс болған. Госпитальге апаратын болса, госпитальде 3 күнге дейін қарамандығынан жүрегінен өтіп кетет та. Басында тісі ағарған болса, ешқандай жүрегі өтіп кетеді ғой оның гной мысалы, микроп, қанға не қылған.

Анықтамада жазылғандай, Бобир Сариев  мойын-жақ қабынуы белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алайда 3 күннен соң сарбаз  көз жұмған. Әскери дәрігерлер сарбаздың өмірін сақтау қалу үшін тиісті шаралардың барлығы жасалғанын айтады. Бұған қатысты қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратты.

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Қоғам белсенділері соңғы уақытта әскерде қайғылы жағдайдың  жиілеп кеткеніне алаңдаулы екенін айтады.  Жұрт қазір баласын борышын өтеуге жіберуге қорқып қалды дейді.

Алтынбек АБЫЗ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:


Кімде-кім алып кеткен болса, жауапкершілік сол жақтан болады да. Не только адам баласы, затты берсеңіз оның бүтін болып қайтқанын қалайсыз, заттың өзін ешкім баласының жаман жағдайға ұшырағанын қаламайды.

Бүгін Бобир Сариевті жақындары соңғы сапарға шығарып салды.  Аяқ астынан келген ажалға олардың мойынсұнудан басқа амалы жоқ.   Тек мұндай жағдай ешкімнің отбасында қайталанбаса екен дейді.

Ә. Дүкембаева