Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Балқаш көлі таязданып барады,- сенатор

AstanaTV
02.12.2021ж. 20:00
2897
Балқаш көлі таязданып барады,- сенатор

Балқаш көлі жылдан-жылға таязданып барады. Оның соңы экологиялық апатқа әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы бүгін сенат депутаты Рысқали Әбдікерімов мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы 14 жылда көлді зерттеу бойынша кешенді зерттеулер іс жүзінде мүлде жүргізілмеген. Сондықтан көлдегі су деңгейінің өзгеруі туралы нақты статистика жоқ. Көлге құятын негізгі Іле өзені Қытай тарапынан келеді, оның нақты мөлшері бүгінгі күні анық емес. Ал оған жауап беретін мемлекеттік органдардың жұмысында бірізділік жоқ деді,-депутат. Сондықтан үкімет басшысы мәселені назарға алуын сұрайды.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Іле өзенін ұтымды пайдалануға қатысты Келісімді еліміз мүддесіне сай келетіндей етіп одан әрі пысықтауды, Балқаш көлін келешек үшін сақтау бойынша нақтыланған арнайы жоспар әзірлеп, көлге қатысты кешенді, терең зерттеулер жүргізе отырып, экологиялық қауіп деңгейін анықтауды. Іле өзені арқылы құйылатын су мөлшерін арттырып үнемдеу үшін өзенге салынған гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңарту мен суарудың замануи технологияларын енгізуді сұраймыз.


Б. Сатуов