Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Денесі "Жайықтан" табылған темір денекерлеушінің туыстары тергеу әділ жүргізілуін талап етеді

AstanaTV
02.12.2021ж. 20:00
1741
Денесі "Жайықтан" табылған темір денекерлеушінің туыстары тергеу әділ жүргізілуін талап етеді

Денесі "Жайық" өзенінен табылған батысқазақстандық Махаил Крайновтың туыстары, тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді. Олар денесі шымыр жігітті жалғыз адам өлтірді дегенмен еш келіспейді. Бірнеше жігіт жабылып, азаптап өлтіруі мүмкін деп пайымдайды. Полиция әзірге бір адамды күдікті ретінде қамауға алыпты.

Темір дәнеркелеушісі болып, нәпақасын тапқан Михаил Крайнов кешқұрым көршісіне кетіп, қайтып оралмапты.  Хабар-ошарсыз кеткен отағасын, жақындары іздемеген жер қалмапты. Араға апта салып, құзырлылар "Жайық" өзенінен оның денесі тапқан. Жұбайы күйеуін танымай қалғанын айтады. Беті әлпеті адам танымастай өзгерген, ал тамағында бармақ сиятындай жуан тесік қалыпты деді.

Светлана ОҚАСОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘЙЕЛІ:

Дүкендегі бейнекамерада оның төрт жігітпен бірге үйге кіріп бара жатқаны түсіп қалған. Бірақ Михаил сол үйден шықққан жоқ. Қасында болған көршілерден не болғанын сұрадық. Бәрі басын ала қашты, ант-су ішумен болды. Бірақ арада бірдеме болғанын көзінен байқадық. Күйеуімді өлтірді деген күдікпен бір әлжуаз жігіт ұстап отыр. Михаил - ірі денелі, спортшы жігіт. Оған бір адамның әлі жетпейді.


Бүгінде полиция адам өлтіру дерегімен іс қозғаған. Туыстары болса тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп отыр.

Махамбет ТЕМІРБАЕВ, БҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
 
Сол күні бір тәулік ішінде бұл қылмыс ізін суытпай ашылды. Қылмыскер құрықталды. Қазіргі кезде қамауға алыну жөнінде сұрақтар сот алдында өтініш қаралды. Бүгін қаралуы керек бұл сұрақ. Қазіргі кезде бұл кісі күдікті ретінде тергеу абақтысына қамауға алынып отыр.

Полицияның дерегінше Михаил Крайнов көршісінің үйінде өлтірілген. Күдікті де осы қылмысты жасағанын мойындаған. Сонымен қатар осы оқиғаның куәгерлері де анықталыпты. Енді олар қылмысты жасырғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Е. Карин