Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан даму банкінің құрылғанына 20 жыл!

AstanaTV
03.12.2021ж. 20:00
1706
Қазақстан даму банкінің құрылғанына 20 жыл!

Қазақстан даму банкінің құрылғанына биыл 20 жыл! Осыған орай бүгін елордада қаржы секторы өз тұтынушыларымен жүзбе-жүз жүздесті. Кездесу барысында банк қызметінің өткені сараланып, бүгіні сөз болды.Банктің мерейтойлық кітабы таныстырылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген, айтулы шараға қатысқан әріптесім Бекболат Сатуов тарқатады.

Жиында «Бәйтерек» ұлттық холдингінің құрылымына кіретін  қаржы институты қызметінің нәтижелері талқыланып, қарыз алушының виртуалды "жеке кабинеті" және талдау порталы таныстырылды. Бұл өз кезегінде клиенттерге онлайн режимде құжаттарды рәсімдеуге, өтінімдердің мәртебесін бақылауға мүмкіндік береді. Ыңғайлылық пен тиімді шарттардың арқасында банк 20 жыл ішінде көптеген тұтынушылардың сенімді серігіне айналған

Әсет ЗЕЙНУЛЛИН, ТҰТЫНУШЫ:

Қазақстан даму банкі біз үшін серіктес, бізге көмектесетін сектор. Бірге 2018 жылдан бастап жұмыс істейміз. Біз сенеміз бұл тек қана басы. Одан әрі көп жоба болады деп ойлаймын.


Шараға 60-қа тарта ірі кәсіпкерлер қатысты. Тұтынушыларға банктің мерейтойлық кітабы таныстырылды. Басылымға қаржы институтының  жетістіктері мен бірінші басшыларының тарихи сәттері мен маңызды оқиғалары енгізілген. Бүгінде ірі жобаларды іске асыратын банктің тұтынушылар үшін оңтайлы тұстары жетерлік. Ең бастысы..

Абай САРҚҰЛОВ, "ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


Ұзақ мерзімді несиелерді Қазақстанда 86 пайызы Қазақстан даму банкіне келеді. Бұл ең басты ерекшелігі. Өйткені екінші деңгейлі банктер осы ұзақ мерзімді жобаларға несие бермейді. Біздің басты ерекшелігіміз. Сонымен қатар біздің 20 жылдық тәжірибеміз бар.
 
Қаржы секторы күні бүгінге дейін 153 ірі жобаны жүзеге асырған. Осының нәтижесінде 31 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Болашақта бұл көрсеткіш еселеп артары сөзсіз дейді, -жауаптылар.Өйткені банк 2023 жылдың соңына қарай инвестициялық жобалардың санын 35% - ға дейін арттырып, сондай-ақ өңдеуші өндірістер мен инфрақұрылымды дамытуға 4 трлн теңгеден астам қаражат салуды көздеп отыр.

Б. Сатуов