Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"20 мың орындық, 7 мектеп іске қосылады "- А. Көлгінов

AstanaTV
03.12.2021ж. 20:00
1665
"20 мың орындық, 7 мектеп іске қосылады "- А. Көлгінов

2023 жылдың соңына дейін елорда толығымен  газдандырылады. Газдандыру Елбасының бес әлеуметтік бастамасында бесінші бағытта бекітілген. Газдандыру жұмыстары 2019 жылы басталып, жалғасын табуда. Жоба үш кезеңнен тұрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

Нұр-Сұлтандағы Алматы және Сарыарқа аудандары газдандырылды. Газ тарату желілері 9 тұрғын алаптарында жүргізілген.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі таңда 650 км инженерлік желі тартылды. Қазіргі уақытта әр үйге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ЖЭО-1, ЖЭО-2-де 13 су жылыту қазандығы газға көшірілді.

Әкім мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім ошақтарының құрылысына ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. 2022 жылы тағы 16 мектептің құрылысы басталмақ. Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда білім беру ошақтарын 70-ке жеткізу жоспарланған.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

7 мектеп іске қосылады, 16 желтоқсанға орай. Ол жерде 20 мың бала оқитын орындар ашылады.

Қала басшысы үлескерлердің мәселесі де біртіндеп шешіліп жатқанын жеткізді. Айтуынша кейбір көп қабатты үйлердің құрылысы 16 жылға дейін созылған. Дегенмен 2023 жылы мәселе толық шешімін табатынына сенімді.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

13 мыңға жуық 12900 отбасы пәтер кілттерін алды. Биылдың өзінде 57 көпқабатты тұрғын үй, 7000 астам үлескерлер пәтер алуда.


Жаңа жылдық шыршаға бюджеттен жұмсалатын қаражат көлемі де тілшілерді қызықтырған сұрақ болды. Әкім бір тиында бөлінбейді деп кесіп айтты. Биыл да жасанды шырша қойылып, жылда пайдаланып жүрген безендірулер ілінеді деді. Ал шыршаны 16-шы желтоқсаннан кейін қоюды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қала басшысы, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға да ат салысатынын уәде етті.  

Ә. Дүкембаева