Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми жоба жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
03.12.2021ж. 20:00
2394
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми жоба жеңімпаздары марапатталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған байқауда, үздіктердің үздігі марапатталды. Ғылыми мақалалар мен зерттеу жобаларының конкурсына екі бағыт бойынша 600-ден астам материал келіп түскен. Басым бөлігі, яғни 570 еңбек оқушылар тарапынан түскен. Олар "Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы" тақырыбында зерттеу жасаған. Қалғаны - магистранттар мен докторанттар. "Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру" жобасына шетел университетінде білім алған мамандар да қатысты. Соның бірі - "Болашақ" бағдарламасының түлегі Шыңғыс Рүстемов. Ол Қазақстандағы жасанды интеллект стратегиясын дамыту туралы ғылыми-зерттеу жобасын ұсынған.

Шыңғыс РҮСТЕМОВ, "WARWICK" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ:

Бұл мақалада Ұлыбританияның тәжірибесін негізге алдым. Өзім Ұлыбританияда оқығандықтан сол жердегі кітапханаларда бүкіл парламентте қабылданған стратегиясын оқып шығып осы Қазақстан Республикасында қалай қолдануға болатынын адаптацияладым.


А. Данияр