$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қазақстандықтар енді зейнетақы қорына ақша салмайды" – сарапшылар

AstanaTV
07.12.2021ж. 20:00
3085
"Қазақстандықтар енді зейнетақы қорына ақша салмайды" – сарапшылар

Қазақстандықтар енді зейнетақы қорына ақша салмайды. Зейнетақы жинақтарын алу үшін, жеткіліктілік шек мөлшерінің шамамен 2 есеге көтерілуіне қатысты, пікір білдірген мамандар осылай дейді. Олардың айтуынша, қол жеткізе алмайтын қорға қаражат салудың мәні қалмаған. Әріптесім Ақбота Базарбай, дауға айналған мәселе жайында тарқатады.

Зейнетақы жинақтарын алудың шекті мөлшерін көтеру қарапайым халықты бірнеше күннен бері дүрліктірді. Ақырында, армандаған шаршы метрлеріне ие боламыз дегендердің үміті үзілді. Бұл орайда "адамдардың көңілі қалды" деу аздық етеді. Әсіресе, қаражаттарын жинап, кейін баспаналы боламын дегендердің тауы шағылды.

БЛИЦ:


-    Жинақтарында жеткілікті ақшалары бар адамдар үшін, әрине, өкінішті. Зейнетақы шоттарындағы ақшалар құнсыздануда. Доллар бағамы қандай екенін көрдіңіз бе? Адамдар қаражаттарын алып, пайдаларына жаратсын.

-    Менде жетерлік шағын табалдырық бар. Әрине, есептейтін болсақ, 20 жыл жұмыс істегеннен бастап, ең төменгі жалақы 175 мың доллар болуы керек. Шындығында бұл мүлде олай емес. Олар ойлағандай, мен түсінбеймін.

-    Менің ойымша, қазіргі таңдағы жеткіліктілік шегі халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Енді мұны алатын адамдардың пайызы азаяды.


Жағымсыз көңіл-күйдің себебі белгілі. Сарапшылардың айтуларынша, үкімет жайма базарды жаппақшы.

Вера КАПАЦИНА, «ANGELS NIKO ADVISORY» ЖШС БАСҚАРУШЫ СЕРІКТЕСІ:
 
Біздің ойымызша, бұл мемлекеттің зейнетақы қорынан ақша бөлуге құлықсыздығы. Бірдеңені бергісі келсе береді, бермесе жауып тастайды. Демек, жағдай анық. Бар ойлары қордан қаржының кетуін тоқтату.


Біріңғай жинақтық зейнетақы қоры кенеттен жария болған жаңалықты түсіне алмай даурыққан адамдарға мұндай сандар қайдан келгенін түсіндіруге асықты. Осылайша, қор ең төменгі жалақы, зейнетақы көрсеткіштерінің өсуін сылтау қылды. Сарапшылар мұндай түсініктемеге қанағаттанбады. Депутат Азат Перуашевтың айтуынша бұл шешім жоғары жақпен мақұлданбаған.

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 
Заңмен мұндай көрсеткіштер қарастырылмаған. Заңда тек қана минималды көрсеткіш не екеніне түсініктеме берілген. Нақты цифрларды, нақты көрсеткішті сол біріңғай зейнетақы қорының басшысы өзі қабылдап отыр.

Көптеген қазақстандықтар үшін «зейнетақы қоры» шын мәнінде олардың жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы болды. Енді халық қаражаттарын зейнетақы қорына салмауы мүмкін, - дейді сарапшылар.

Вера КАПАЦИНА, «ANGELS NIKO ADVISORY» ЖШС БАСҚАРУШЫ СЕРІКТЕСІ:

 
Бүгін бұл мүмкіндікке тосқауыл қою қандай резонансқа әкеліп соқты? Адамдар ақшаны бүгін және бейресми түрде алғысы келеді. Бұл жинаған ақшама пәтер алуға мүмкіндік береді. Депозитте үйде болатын 10%, немесе мен қол жеткізе алмайтын қорға аударатын 10%. Сондықтан мемлекетке деген сенімсіздіктен, сұр жалақы, сөзсіз орын алады.


Сондай-ақ, сарапшылардың пікірінше, шекті мәнді есептеу әдістемесі елдегі экономикалық жағдайға мүлдем сәйкес келмейді. Оның үстіне қазақстандықтар бұл тығырықтан қашып құтыла алмайды. «Отбасы банкінің» тұрғын үй депозитіне ақша аудару туралы Заңы қабылданбай тұрып, шекті смөлшерді көтеру жүзеге асырылмақ. Бұл біраз алдамшы арманға үміттенген қара халық үшін жасалып отырған айла іспеттес дейді.

А. Базарбай