Астанада
заңсыз қоқыс тастаушылар тыйылмай тұр. Кезекті рет жүргізілген тексеру мұны анықтап берді. Тұрмыстық
қалдықтарды рұхсат етілмеген аумаққа тастаған азаматтар әкімшілік жазаға
тартылатын болады,- дейді тазалыққа жауапты мекемелердің өкілдері.
Астана
әкімінің тапсырмасымен мұндай рейдтік тексерулер бір айдың көлемінде жүргізіліп
келеді. Осы уақытта көптеген
келеңсіздіктер анықталды. Мәселен, Юго-Восток шағын ауданындағы Балқантау көшесінде орналасқан қонақ үй,
жатақхана мен дүкен маңында қоқыс үйіліп жатыр. Мұнда тұрмыстық және құрылыс
қалдықтарынан аяқ алып жүргісіз. Нысан иелері "Астана тазарту"
мекемесімен келісімшартқа отырмаған. Енді оларға қатысты іс тиісті орындарға
жөнелтілмек. Табиғат қорғау өкілдері келеңсіздікке жол бергендерге айыппұл
салынатынын ескертеді.
Дулат
Өскенбаев, «Астана экополигон» ММ өкілі:
Біз
әрі қарай да жұмыс жасаймыз. Экология департаментіне шағым түсіреміз, мән-жайын білеміз, жұмыс жалғасады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА