Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Екібастұзда жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды

AstanaTV
08.12.2021ж. 20:00
1613
Екібастұзда жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды

Павлодар облысында ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 92 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 240 мың тонна болады деген жоспар бар. Жоғары сапалы ферроқорытпа өндіретін заманауи зауытты «Қазақстанның Даму Банкі» қаржыландырмақ. Қазірдің өзінде дайын өнімді өткізу үшін тиісті келісім-шарттарға қол қойылды. Алдын ала болжам бойынша, экспорт құны жылына 76 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс орны 2023 жылы іске қосылмақ.

Ерлан НЫҒМАТУЛИН, «EKIBASTUZFERROALLOYS» ЖШС АКЦИОНЕРІ:

Кәсіпорын Екібастұз қаласын жаңғырту үшін стратегиялық маңызға ие. Жаңа зауыттың өнімдері әлемдік стандарттың барлық талаптарына толық жауап береді және 100 пайыз экспортқа бағытталмақ. Біз алдымызға әлемнің 52 еліне экспорт географиясын ұлғайту және әлемдік ферроқорытпа нарығында жетекші орын алу мақсатын қойып отырмыз. Бұл облыстың экспорттық әлеуетін арттырады және қаланың білікті мамандарын ұстап тұруда маңызды рөл атқарады.


А. Базарбай