Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістан облысында бензин тапшылығы туды

AstanaTV
09.12.2021ж. 20:00
1600
Түркістан облысында бензин тапшылығы туды

Түркістан облысының жүргізушілері бензин таппай сандалып жүр. Көп жанар-жағар май құю бекеттерінде сұйық отын жоқ. Ал, барлары тек талонмен үлестіруде. Май құю бекеттерінде ұзан-сонар кезек. Тіпті жедел-жәрдем көліктері де кезек күтуге мәжбүр.  

Қамбар БАЛҚЫБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


5 заправкаға бардым, бесеуінде де бензин жоқ. Біреуінде очередь, анау көшеге дейін шығып кеткен. Мына sinoil-ға келсек, бұлар да 92-ні талон дейді. 95-ті 205-тен деп қымбаттатып жатыр. Енді қымбаттатудың амалын жасап жатыр ма түсінбедім.


Облыс әкімінің орынбасары сұйық отынның тапшылығына Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының уақытша жөндеуге тоқтап тұрғанын сылтау етті. Мәселені шешу үшін Шымкенттегі зауыттардың бірінен жанар-жағармай сатып алып жатырмыз деп ақталды. Жұмысы тұралап қалғандардың көбі - ұсақ май құю бекеттері. Бұған ақылы жолдар себеп деді Рашид Аюпов.  

Рашид АЮПОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Энергетика министрлігі мен ШНОС-тың айтуына қарағанда мәселені 2 күнде толық шешеміз деген. Яғни бүгін немесе ертең бұл мәселенің бәрі шешіледі. Демалыс күніне дейін алыс орналасқан Мақтаарал, Шардара, Жетісай аудандарына жеткізетін боламыз. Қазір сұраныс кезінде жинаудың қажеті жоқ.


А. Данияр