Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қарағандыда ХҚКО төбелес болды

AstanaTV
09.12.2021ж. 20:00
1744
Қарағандыда ХҚКО төбелес болды

Қарағандыдағы халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, келушіге жұдырық жұмсады. Қызметкер бұл әрекеті үшін 43 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызметкерге қатысты осындай шешім шығарған. Ол 1- топтағы мүгедек анасы мен оның ұлына дене жарақаттарын салғаны дәлелденген.

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бұл кикілжің әлеуметтік желілерге тарады. Оны түсірген 44 жастағы қала тұрғыны. Ол орталық маманы өзіне және 1- інші топтағы мүгедек анасына жұдырық ала жүгірді деп айыптайды. Жаға жыртысқан төбелесті сол жердегі қызметкерлер тоқтатқан. Тұтынушы сотқа шағымданыпты. Нәтижесінде халыққа қызмет көрсету орталығының маманына айыппұл салынды.

Венера МАХАБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ қ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сотта құқық бұзушы Ерғаш Есмырзаевқа дене жарақатын келтірген фактысын мойындап, алайда араларындағы жанжал Ермырзаевтың арандатушылығынан туындағанын айтты. Себебі ол халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін өзінің ұялы телефонының бейнекамерасына түсірген. Жәбірленуші Есмырзаевтың денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірілгені үшін Ерғаш кінәлі деп танылып оған осы факт бойынша 15 АЕК көлемінде яғни 43755 теңге құрайтын айыппұл салынды.


Тергеу материалдарына сүйенсек, орталыққа келуші, әкесінің қайтыс болғандығы туралы анықтамаға тапсырыс берген. Құжатты алуға келген кезде, Ashyq қосымшасын арқылы ішке өтуден бас тартып, жанжал шығарыпты. Алайда халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы да арандатуға бой алдырып, кикілжіңде ушықтырып жіберген көрінеді. Құқық қорғау органдары мекеме қызметкерлерін мұндай жағдайда сабырлық танытып ерегіске бармауға кеңес береді.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Халыққа қызмет көрсету орталығы басшылығының мәліметінше аталған инспектор жұмысын жалғастыруда. Оның ісі сот шешімі күшіне енген соң ғана қайта қаралуы мүмкін. Дегенмен сол күнгі төбелестің куәгерлері де оған қатсушылар да бізбен сұқбаттасудан бас тартты. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, Астана Таймс. Қарағандыдан.


А. Қуаш