$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Nur Otan алаңында агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау жүйесі қаралды

AstanaTV
09.12.2021ж. 20:00
1480
Nur Otan алаңында агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау жүйесі қаралды

«Nur Otan» партиясы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау, ауылдарды шағын несиемен қамтамасыз ету және партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлардың орындалу барысы талқыланды. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Берік Оспановтың айтуынша, мемлекет жыл сайын ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидия түрінде 300 млрд.теңгеден астам қаражат бөледі. Алайда аграршылар мен фермерлер үнемі қаражаттың жеткіліксіздігі мен оны бөлу кезіндегі тиімсіздікке шағымдануда.

Берік ОСПАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Іс жүзінде субсидияларды агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің белгілі бір тобы ғана алады. Ал кейде бұған тұқымдар және тағы сол сияқты өнімдер сатып алынды деген жалған құжаттармен де қол жеткізеді. Қаражатты шаруа қожалықтарының 4-6% ғана алады, ал олардың өзі көп жағдайда өнімділікті арттыруға құлықты емес. Бұл ретте халық азық-түлік бағасының өсуіне байланысты мұндай субъектілердің тиімсіз жұмысына қосымша ақша төлеуге мәжбүр.


Кеңес төрағасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-25 жылдарға арналған ұлттық жобасын партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес дайындау қажеттігін еске салды. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты министрлікке мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өндірісін ұлғайту және дайын өнім шығару үшін субсидияларды түпкілікті нәтижеге қайта бағдарлау туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ Жол картасының барлық тармақтарын мерзімінде орындауға шақырды.  

А. Базарбай