Елордада "Жас маман" бағдарламасы аясында, Құрылыс- техникалық колледжіне жаңадан 4 мамандық қосылды. Аталған оқу орны 2012 жылдан бері жұмыс істейді, бірақ күні бүгінге дейін бүгінгідей ауқымды орталықтар болмаған. Бұған колледж басшылығы "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр. Бағдарлама бұдан өзге де оң өзгерістерге жол ашты. Оқу ордасы ғимаратына толықтай жөндеу жұмыстары жасалды. Жаңа шеберханалар мен зертханалар ашылып, барлық кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтылған. Осылайша 600-ден аса студентке жағдай жасалуда.
Серік МАЛГЕЛДИНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Үлкен проектке ілініп, министрлік тарапынан қаржы алып, әкімшілік тараптан көмек жасалынып, қосымша ағымдық жөндеу жасап, бүгін осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Әрине біздң мақсатымыз осы алған құрал-жабдықпен балаларға жұмыс істетіп, оларға дәріс беру.
Мәжілісмен Әмірхан Рахымжанов оқу орталығындағы оң өзгерістерге куә болды. Оның айтуынша, жас ұрпақты осындай кәсіби мамандықтарға бейімдеу заман талабы. Ол дамыған елдердегі жастардан үлгі алған жөн дейді. Себебі ондағы халық бірнеше дипломды иеленіп, оқу мекемелерінің статусына еліктемейді. Керісінше бір саланы оқып, оның хас шебері болуға талпынады,- деді.
Әмірхан РАҚЫМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мысалы Германияны алатын болсақ, олар барлығы жоғары оқуға жүгірмейді. Үлкен бір табақ диплом алып, әке-шешtсіне алып келу оларға қажет емес. Оларға кәсіби маман, 70-80 % кәсіби маманға барады. Мына бүгінгі ашылып жатқан кәсіби маман алатын үлкен орталық. Осындай колледжге келіп, осы жерден мамандық алып, болашақта үлкен жолын осындай жұмыстан бастаса екен деймін.
Д. Жарқынбек