Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары жарияланды

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
1734
Елордада "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары жарияланды

Елордада "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үздіктер бес бағыт бойынша бақ сынады. Олар: "Проза", "Поэзия", "Драматургия", "Көркем фильм мен телесериал сценариі", "Балаларға арналған шығарылым". Ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған шараға "Nur Otan" партиясы мен "Жазушылар одағы" мұрындық болған.  

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлерден 400-ге тарта өтінім түскен. Салтанатты іс-шараны ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Тәуелсіздіктің 30 жылындағы еліміздің жетістіктерін зерделеуге, сол арқылы жас қаламгерлерге жол ашуға бағытталған «Ұлы дала» байқауының маңызы ерекше екенін атап өтті.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

30 жыл бұрын бүкіл халықтық сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып аталды. Сол жылдан бастап үлкен жетістіктерге жеттік. 14-жылы біздің сьезімізді өткізген кезде біз партиямыздың саяси бағдарламасын қабыл алдық. Сол кезде тұңғыш рет руханият, төл мәдениетіміз, отбасы құндылықтарымызды экономикадан да жоғары қойдық. Неге? Рух мықты болмаса ешқандай экономика дамымайды.


Байқау нәтижесінде аталмыш бағыттар бойынша 16 жүлдегердің есімі анықталды. Сонымен, Бердібек Соқпақбаев атындағы арнайы сыйлықты Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің мұғалімі Эльмира Назирова жеңіп алды. «Поэзия» номинациясында бірінші орынға лайықты деп танылған Нұржан Қадірәлі өз лебізін білдірді.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ, "ПОЭЗИЯ" НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ:

Елбасы айтып өткендей қасиетті қара шаңырақ Қазақстанның келешегі де біз сияқты өсіп келе жатқан балаларда үлкен сенім артты. Сол сезімнен шыға берейік Тәуелсіздік деген ббір күндік мереке емес. Тәуелсіздіктің әр күні мереке.   

Эльмира НАЗИРОВА, "ПРОЗА" НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ:

Егемендік пен Елбасы егіз ұғым деп санаймын. Қазіргі таңда Қазақстан десе бейбіт сүйгіш толерантты ел ретінде танылған, одан бөлек ішкі саясатта жастарды қолдайтын, жас аналарды қолдайтын бірден-бір мемлекеттердің біріміз.   


Жүлдегерлерді Бауыржан Байбек өзі марапаттады. Жеңімпаздар  алғыс хат пен қомақты қаражат иеленді.

А. Базарбай