$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл елімізде бала туу көрсеткіші артқан

AstanaTV
14.12.2021ж. 20:00
1475
Биыл елімізде бала туу көрсеткіші артқан

Елордалық Құралай Бурабаева 33 жасында көпбалалы ана атанды. Осыған дейін үш баласы бар ана жақында үшемді өмірге әкелді. Шекесі торсықтай ұлдардың әрқайсысының салмағы -екі келіден асады. Шақалақтар    мерзімінен бұрын туғандықтан, біраз уақыт   дәрігерлердің бақылауында болды.   Қазір жас ана мен сәбилер өздерін жақсы сезінеді. Мереке қарсаңында дүниеге келген балаларға ата-анасы Ертөре, Хантөре,  Нұртөре деген есім берді.

Құралай БУРАБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Түрлері бәрі бірдей, барлығы бір-біріне ұқсайды. Ажырата алам ба, шатастырып алмаймын ба деген қорқыныш болды. Қарап көзің үйреніп, ажырата аласын.

Берік НҰРДАУЛЕТОВ, ҮШЕМНІҢ ӘКЕСІ:

Мамамыз деген бәрімізді қуантып, үш ұл дүниеге алып келді, Алланың қалауымен әрине.

Биыл бірінші жарты жылдықта елімізде 296 мың 500 бала дүниеге келді, оның 3542-сі-егіз, 37-сі үшем. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға көп.   

Ә. Дүкембаева