Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылорда облысында судья мен оның хатшысы сотталды

AstanaTV
14.12.2021ж. 20:00
3154
Қызылорда облысында судья мен оның хатшысы  сотталды

Қызылорда облысында судья мен оның хатшысы  сотталды. Шиелі аудандық сотының бұрынғы төрағасы мен Қызылорда облыстық сотының төрағасы  қарамағындағы екі әйелді қызметтік жалғандық жасады деп айыптаған. Олар судья Гүлнұр Құрманбайдың азаматтық істер бойынша шығарған шешімдерін теріске шығарып, құжаттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберген.  Бала күтімімен үйде отырған  екі әйел бұл істердің бәрінен хабарсыз болдық дейді. Кінәні мойындамайтындарын айтады.  Бірақ сот  оларға қатысты   үкім шығарды.

Жұлдыз Жакеева, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
 
Сотталушы Құрманбай Гүлнұр Құрманбайқызы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 369 бабы 3 бөлігі, 418 баптың 1 бөлігінде көзделген қылмыстық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Сотталушы Қыдырәлиева Еңлік Қалдыбекқызы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 28 бабы 5 бөлігі, 369 бабы 3 бөлігі, 418 баптың  1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын.

Сот Кұрманбайға  2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және оны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу жазасын тағайындады.  Ал оның хатшысы Қыдыралиеваны 2 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуге  үкім шығарды.  Бірақ Қыдыралиеваның 4 жасқа толмаған балалары, оның ішінде кішкентай сәбиі  болғандықтан  жазаның орындалуы кейінге қалдырылды.  Ал  Құрманбаеваның   2 жастағы ұлы, туыстары қараудан бас тартқан жағдайда,  қорғаншылық үйіне берілмек. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар онымен келіспейтіндерін айтады. Аппеляциялық шағым бермек.    

Гүлнұр ҚҰРМАНБАЙ, СОТТАЛУШЫ:

Тергеу әрекеттері заң жүзінде жүргізілмеген. Менің құқықтарымды бұза отырып жүргізілген. Сонда судьяның мәртебесі қайда? Бұл жағдай түрткі болғаны Шиелі сотының төрағасы  Күздібаев Мараттың жасалған кемшіліктер бойынша болған жағдайда ащы шындықты  айтқаны үшін  маған жасаған әрекеті осы. Осыған әкеп отыр ғой.

А. Базарбай