Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

БҚО Ақсуат ауылының тұрғындары ұялы байланысқа қол жеткізді

AstanaTV
14.12.2021ж. 20:00
2451
БҚО Ақсуат ауылының тұрғындары ұялы байланысқа қол жеткізді

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округінің халқы ұялы байланысқа қол жеткізді.   «Nur Otan» партиясының сайлауалды уәдесі орындалды. Ауыл тұрғындары мәселенің   сәтімен шешілгеніне қуанышты. Бұл іс ауыл әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясының атынан түсіп, жеңіске жеткен жаңа басшының мұрындық болуымен жүзеге асқанын айтады. Іскер әкім демеушілер мен тұрғындардың басын қосып, ұялы байланыс мұнарасын орнатыпты.

Гүлмира БАҚБАСОВА, АҚСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біздің мектепте мұғалімдер өте қиналдық. Өйткені бәрі желіге байланысты, бәрі интернетке байланысты және студенттеріміз қиналды өздерінің сессияларын тапсыра алмай. Ауылдың тұрғындары да, бәрі де керекті нәрсе ғой енді. Сондықтан осы жанайқай естіліп, бүгін керемет күн бізде. Осы мұнара орнатылып, бәріміз қуанып жатырмыз.

Қаладан 25 шақырым жердегі Ақсуат ауылының халқын толғандырған  мәселелер осылайша рет-ретімен шешімін тауып жатыр.  Жол салынып, ауыз су мен электр жарығынан тарықпасақ та, тек ұялы байланыстан ұятты едік. Бұл мереке алдындағы керемет тарту болды, дейді қуанған тұрғындар.

Жаннұр БЕКБАУҰЛЫ, АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


Сайлауалды бағдарламамен халықпен кездесіп жүрген уақытта осы байланыс мәселесін сайлаушылар бірнеше рет көтерген болатын. Мен ұйымдастырушы ретінде, халық қолдап, жеке кәсіпкерлер қолдады, жалпылама халықтан қаражат та жиналды. Осы күнге нәтижесін көріп отырмыз.


Е. Карин