Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түрік лирасы арзандап, антирекорд жаңарды

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
2270
Түрік лирасы арзандап, антирекорд жаңарды

Түрік валютасы тағы да арзандады. Лира құнсызданып, антирекорд орнады. Қазір Түркияда 1 АҚШ долларының құны – шамамен 17 лираға бағалануда. Халық соңғы аптадағы жағдайға және қымбатшылыққа алаңдаулы. Жергілікті ақпарат көздері Түркия Президенті, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 50%-ға көтерді деп мәлімдеді. Бұл жаңалық еңбеккерлерді қуантты. Бірақ жұмыс берушілерге ауыр тиіп отыр.

Ашкын ЖАМЛЫ, НАУБАЙХАНА ИЕСІ:

Жалақы көтерілсе, өнімдеріміздің бағасын 50%-ға өсіруіміз қажет. Тұтынушылар мұны қалай қабылдайды? Осы сұрақ мазалайды. Өйткені біз шығынды жабу үшін бағаға қосуға мәжбүр боламыз. Бағаға қоспасақ, онда жұмысшыларды қысқарту қажет болады. Жаңа жылда белгілі болады, енді.


Сүлейман ДУРМУШ, МЕЙРАМХАНА ИЕСІ:

Ең төменгі жалақының 4250 лираға дейін көтерілсе, жұмыс берушіге қымбатқа түседі. Мұндағы қызметкерлер 15-20 жылдан бері бізбен бірге. Кәсіпті 40 жыл бұрын бастаған бізге қиын. Шығынды жабу үшін порцияларды азайтатын шығармыз.

Түркия президенті Тайып Режеп Ердоған, Орталық банкті мөлшерлемелерді табанды түрде төмендетуге мәжбүрлеуде. Соңғы рет есептік мөлшерлеме 16-желтоқсанда төмендетілді. 2019 жылдың шілдесінен бері, мемлекет басшысы  Орталық банк төрағасын 3 рет, Қаржы министрін 2 рет ауыстырды.

Режеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Оппозиция мен қарапайым орта, біздің пайыздық мөлшерлеме бойынша шешімімізбен келісе алмайды. Бірақ Түркия президенті ретінде пайыздық мөлшерлемеге қарсы екенімді үнемі айтып келемін. Ерте ме, кеш пе, инфляцияны 4 пайызға дейін түсіреміз. Мен өзімнің азаматтарымды, халқымды пайыздық мөлшерлеменің басып қалуына жол бермеймін.


Ә. Дүкембаева