$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысының мәслихат депутаттары бес мыңнан астам адамға көмек көрсетті

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
971
Алматы облысының мәслихат депутаттары бес мыңнан астам адамға көмек көрсетті

Алматы облысының депутаттары жыл басынан бері бес мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Игі мақсатқа  140 миллион теңгеге жуық қаражат бөлген. Атқарылған жұмыстар жөнінде аймақ басшысы Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен жиын барысында айтылды. Жергілікті депутаттар ең әуелі  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созған. 16 отбасы пәтер кілтін алса, тағы 50 тұрғынның баспанасын жөндеуге мұрындық болыпты. Сонымен қатар "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында мыңнан астам оқушыға жәрдемдескен. Халыққа қарайласу  - негізгі меже дейді депутаттар. Жыл басынан бері оларға бірнеше мың адам жүгініп, түрлі түйткілді шешіп беруге өтініш білдірген. Көпшілік мәселесінің көбі оңтайлы шешілген көрінеді. Депутаттардың атқарған жұмысына аймақ басшысы да жоғары бағасын беріп отыр.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Облыстағы келелі мәселелерді талқылау, өзекті сұрақтардың шешімін табу сияқты аса маңызды міндеттерді аудандық, қалалық, облыстық мәслихат депутаттары атқарып, халықпен жергілікті билік арасындағы алтын көпір  бола білді. Облыстың  жай- күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган ретінде мәслихаттың  еңбегі де зор.


З. Санай