Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Оралда адам өлтіріп сотталған күзет агенттігінің қызметкері бостандыққа шықты

AstanaTV
21.12.2021ж. 20:00
1494
Оралда адам өлтіріп сотталған күзет агенттігінің қызметкері бостандыққа шықты

Оралда адам өлтіргені үшін сотталған  күзет агенттігі қызметкерлерінің бірі рақымшылыққа ілігіп, ақталып шықты. Ал оның серіктеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Соттың бұл шешіміне сотталушылардың қылмысты мас күйінде жасағаны себеп болыпты. Бірақ марқұмның туыстары оларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап, аппеляциялық шағым түсірген еді.  

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен Адилов пен Қафизовқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Қонысқалиға қатысты сот үкімі «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 07.12.2021 жылғы ҚР Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес негізгі жазадан босатумен өзгертілді. Үкім заңды күшіне енбеген.

Сот материалдарынан мәлім болғандай, күзетшілер жаңажылдық кештен шыққан қала тұрғыны Қуаныш Ахметовты айықтырғышқа апарып, айтқанына көнбеген соң, аяусыз соққыға жыққан. Қуаныш Ахметов олардан қашып құтылу үшін темір қоршаудан секіріп өтпек болады. Оны соңынан қуған үш күзетші төменге тартып түсіре бастайды. Сол кезде Қуаныштың қолтығын қаңылтыр кесіп кетіп, қансырап қалады. Осыған қарамаған күзетшілер оны аяусыз ұрып-соққан. Есінен танған жәбірленуші сол жерде көз жұмған болатын.

Е. Карин