Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Дәрігерлер жаңа жылдық кештерден бас тартуға кеңес берді

AstanaTV
22.12.2021ж. 20:00
884
Дәрігерлер жаңа жылдық кештерден бас тартуға кеңес берді

Ойын-сауық па, денсаулық па? Дәрігерлерді алдағы жаңа жылдық мерекелер   алаңдатып отыр. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова  короновирустың жаңа штамынан қорғанудың басты жолы- сақтану,- деді. Сондықтан көпшілік жерге барар алдында жақсылап ойлануға кеңес берді.

Комитет төрағасының айтуынша, әлемде короновирустық инфекция жұқтырғандар саны артып отыр. Ал біздің елде соңғы төрт айдан бері қауіпті індетті жұқтыру көрсеткіші біртіндеп азайып келеді. Сондықтан   оптимистік сценарийді ұстап тұру үшін жаңа жылдық ойын-сауықтан бас тартқан жөн дейді бас санитар дәрігер.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Вирус әлі жойылған жоқ, керісінше оның жаңа түрлері пайда болып жатыр.Бүкіл әлем айтып жатқан «омикрон» туралы әлі күнге дейін нақты бір дерек жоқ. Біздің басты қару ол сақтану, алдын алу. Білетініміз ол жұқпалы, және қайталап ауру мүмкін. Сондықтан жаңа жылдық ойын-сауыққа барар алдында тағы бір ойланайық, барғанның өзінде вирустан сақтану шарасы туралы ұмытпағанымыз абзал.

Көпшілік те мұны қолдайды.  " Жаңа жылды отбасымен қарсы алу – ауру жұқтырмаудың жалғыз жолы",- деп есептейді. Дегенмен ұжымдық мерекеден қалғысы келмейтіндер де бар.

БЛИЦ:  

- Қазір ауру көп қой кез-келген жерде.  Дұрыс деп ойламаймын. Мысалы, біз ана жылы қатты ауырдық. Мамам қатты ауырды. Сондықтан өзім семьям бармаймыз.

- Қазір енді ауру күшейіп, көбейіп жатыр деп жатыр. Соған байланысты қарсымын.

-  Ковидтан қорқамын. Менің ойымша, әлі емін-еркін жүретін уақыт емес. Өзімнің, жақындарымның қауіпсіздігі үшін бас тартатын шығармын.

- Неге бармасқа, барамыз. -  Ресторанда отырасыздар ма? -Ия.


Б. Надірқызы