Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандар тізімі жария етілді. HeadHunters порталы еңбек нарығына сараптама жүргізген. Сайттың мәліметінше, биыл еліміздегі компаниялар сатушы, есепші және клиенттермен жұмыс жүргізетін менеджерлерге мұқтаж болған. Сондай-ақ, сатумен айналысатын менеджерлер, құрылысшылар мен көтерме сауда мамандарына сұраныс жоғары көрінеді. Ең көп бос жұмыс орындары сату бағытына тиесілі. 85 мың маман қажет. Ал қаржы саласында 35 мың бос орын болса, әкімшілік қызметке 30 мыңнан астам маман керек, дейді сарапшылар.
А. Құрманкин